Дәурен Абаев өңірлік ақпарат құралдарының басты міндеттерін атады

Дәурен Абаев өңірлік ақпарат құралдарының басты міндеттерін атады

Дәурен Абаев өңірлік ақпарат құралдарының басты міндеттерін атады
ашық дереккөзі
290
 Дәурен Абаев өңірлік ақпарат құралдарының басты міндеттерін атады. Астанадағы «Қазмедиа» орталығында Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының форумы басталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жалпы, қоғамдағы өзгерістерге сай көзқарас қалыптастыруда аймақтық медианың атқарар рөлі маңызды. Осы орайда қазіргі аймақтық ақпарат құралдарының алдында үлкен мақсат-міндеттер тұр. Ол - Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси-экономикалық және руxани жаңғыру жөніндегі кешенді реформаларға жұртшылықты жұмылдыру», - деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев форумның ашылуында. Министрдің айтуынша, өткен жылғы форумды аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан бірқатар мәселелер көтерілген болатын. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі аталған ұсыныстардың бәрін зерделеп, өңірлік медианың сапасын арттыру бойынша тиісті шараларды атқарып шықты. Атап айтқанда, Аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының альянсы құрылды. Бұдан бөлек, мемлекеттік тапсырыс аясында жасалған өнімдерді өңірлік арналарға тарату мәселесі шешілді. Қазпошта арқылы баспасөзді дамыту шаралары қолға алынды. «Отандық масс-медианы заңнамалық тұрғыда қолдау мәселесі де қарастырылды. Бүгінде министрлік даярлаған заң жобасы Мәжілісте талқылануда. Өз кезегінде Ақпарат және коммуникациялар министрлігі өңірлік масс-медианың сапасын арттыруға арналған кез келген бастаманы қолдауға әзір», - деп атап көрсетті Дәурен Әскербекұлы. Айта кетейік, Өңірлік БАҚ форумы "Astana Media Week" апталығы аясында өтуде. Күні кеше «Astana Digital Forum» да ұйымдастырылды.

Серіктес жаңалықтары