299
Universal Pictures «Форсаж 9»-дың премьерасы қашан болатынын хабарлады
Universal Pictures «Форсаж 9»-дың премьерасы қашан болатынын хабарлады
Әлем көрермендері асыға күтетін «Форсаж» фильмінің кезекті бөлімінің тұсаукесері кейінге қалдырылды. Universal Pictures компаниясының хабарлауынша, премьера 2019 жылдың сәуірінен 2020 жылдың сәуіріне ауыстырылды. Бұл туралы жазады forbes.com жазды.
Фильмнің түсіру уақытының кейінге қалдырылу себебі айтылмады, алайда басылымның жазуынша сиквелдердің арасының үш жылға созылуы қалыпты саналады. Сонымен қатар, бұл «Форсаж 4»-тің шыққан сәтінен бастап ең үлкен үзіліс.
Бұл студиялар мен прокатпен айналысушыларға айтарлықтай жақсы қаражат жинауына мүмкіндік береді. 2019 жылы Universal-дың кестесі аса тығыз емес, ал 2020 жылы жағдай өзгереді. «Форсаж 8» 2017 жылдың көктемінде шыққан еді. Одан түскен қаржы $1,2 млрд-тан асқан болатын.