Бензин бағасы: Сағынтаев Бозымбаевтың жауабына қанағаттанбады

Бензин бағасы: Сағынтаев Бозымбаевтың жауабына қанағаттанбады

Бензин бағасы: Сағынтаев Бозымбаевтың жауабына қанағаттанбады
ашық дереккөзі
266
Бақытжан Сағынтаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтан бензин бағасын төмендету туралы уәде ести алмағандықтан монополияға қарсы қызметке бензин бағасын реттеуге тапсырма берді, деп хабарлайды “The Qazaq Times”  Үкімет отырысында Бозымбеав АИ-92 маркалы бензин импортының үлесін қараша айында 30 пайызға, желтоқсан айында 20 пайызға азайту жоспары туралы айтты. "Қараша мен желтоқсан айының соңында жағдай тұрақты болады деп есептейміз, қазан айының соңында реттеледі", - деді ол. Ал Бақытжан Сағынтаевтың "баға төмендей ме?" деген сұрағына министр "баға тұрақталады" деп жауап берді. "Егер импорт азайса, баға төмендеуі керек қой", - деп нақтылады Сағынтаев. "Бақытжан Әбдірұлы, бұл 20 пайыз бойынша Ресейдегі баға қандай болатынына байланысты. Егер бұрынғыдай тоннасы 590 доллар болатын болса, онда ішкі нарықта бағаны төмендетуге мүмкіндік бар. Ал егер баға көтерілсе, 20 пайыздың өзінен мүмкіндік аз", - деп түсіндірді Энергетика министрі. Алайда Сағынтаев министрдің сөзін бөліп, Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовке "монополияға қарсы қызмет жағдайды мониторингтен өткізсін" деп тапсырма берді. Айта кетейік, Қазақстанда бензин бағасы бір күнде 4 теңгеге дейін қымбаттап, 151 теңгеге дейін жеткен. Ал "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы алдағы уақыттағы ипмортқа байланысты баға 155-157 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін дегенді айтады.    

Серіктес жаңалықтары