Болат Назарбаев жерлестеріне баспана салып берді

Болат Назарбаев жерлестеріне баспана салып берді

Болат Назарбаев жерлестеріне баспана салып берді
ашық дереккөзі

Кеше Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылдық округындағы 17 отбасының үйінде үлкен той болды. Осы ауылдың көптен бері баспанаға қолы жетпей жүрген тұрмысы төмен отбасылары өз үйінің кілтіне ие болды. Ал жергілікті тұрғындарды осындай бақытқа бөлеген меценат, "BN INVEST" қаржы-өндірістік холдингі" ЖШС президенті Болат Назарбаев. 

 width= 

"Туған жер" бағдарламасына осындай әрекетімен үн қосқан Болат Әбішұлы Назарбаев баспана иелеріне кілтіті өзі табыс етті. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін салып берген 20 үйдің   17-сі пайдалануға берілді. Оның құрылысына 124,5 млн теңге жұмсалған. Одан бөлек 35 млн теңге инженерлік коммуникация жұмыстарына көзделсе, бұл игі шараның арқасында 75 үйге су құбыры тартылды.

 Салтанатты шараны ашқан Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бұл игілікті шара Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында жүзеге асып отырғанын айта келе, бүгінде облыс төңірегінде халықтың әл-ауқатын жақсартуға қатысты ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығын тілге тиек етті. 

Күтпеген жерден баспанаға ие болған тұрғынның бірі – 7 баланың анасы Бақыт Иманғалиева. Ол атақонысына 2010 жылы келген. "Өз еліме келгелі баспана тауқыметін көріп жүрген едім. Көлік жуып, нәпақамды тауып келдім. Енді, міне, Болат Әбішұлының арқасында 6 бөлмелі үйдің кілтіне ие борлдым. Дәл қазір менен бақытты ана жоқ!" деген жүрекжарды қуанышын білдірді.  Ол осындай ұқайырымдылық шарасына мұрындық болған меценатқа алғыс айтып, зор денсаулық тіледі. 

 width=