383
АҚШ денсаулық сақтау министрі бюджетке 400 мың доллар шығын әкелген
АҚШ денсаулық сақтау министрі бюджетке 400 мың доллар шығын әкелген
АҚШ денсаулық сақтау министрі жеке ұшаққа отырып, бюджетке 400 мың доллар шығын әкелген
АҚШ президенті Дональд Трамп денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрі Том Прайстың жеке ұшақпен ұшқанына наразы. Ол журналистердің "министрді қызметінен аласыз ба?" деген сұрағына "көреміз" деп жауап берген.
Трамп Прайстың жеке ұшақпен кемінде 20 рет ұшқаны жөніндегі ақпаратты естіп, ашуланғанын жеткізді. Бұл салық төлеушілер үшін 400 мың долларға түскен.
Өкілдер палатасының қадағалау комитеті Ақ үйге және федералды мекемелерге үкімет мүшелерінің ресми және жеке сапарлары кезінде қанша рет жеке ұшақты пайдаланғаны жөнінде ақпарат сұраған.
Прайс - мамандығы бойынша дәрігер-ортопед және бұрынғы конгрессмен. Ол конгрессмен болып тұрғанда, 2010 жылы демократ Нэнси Пелосиді жеке ұшақты пайдаланғаны үшін сынға алған болатын.
Прайстан басқа тағы де екі шенеунік жеке көлікке қатысты қалып отыр.