279
Дәрігерлердің жалақысы көтеріледі
Дәрігерлердің жалақысы көтеріледі
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың мәліметіне сәйкес, бүгінде дәрігердің орташа жалақысы 120-130 мың теңгені құрайды. Министрлік емxаналардың жалақы саясатына араласа алмайды. Оны пациенттердің саны, қызмет сапасы және тағы басқа нарықтық факторлар анықтайды. Соған қарай бас дәрігерлер әрбір маманның жалақысын тағайындайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі кезде денсаулық сақтау саласына шамамен 1 трлн теңге бөлінеді. Соның 40 пайызы жалақыға жұмсалса, тура сондай ақша медициналық препараттарды сатып алуға кетеді. Ал қалған 20 пайызы - дәрігерлерді оқытуға кететін ақша және әкімшілік шығындар. Міне, сол әкімшілік шығындарды азайтудың есебінен жалақыны көтеруге мүмкіндік бар. Мысалы, бізде бір ауруxананың орнына төрт ауруxананы салып тастаған. Төрт бас дәрігер, сегіз орынбасары, есепшілер қаншама. Ал ауруxаналарды біріктіріп, көпбейінді кешендерді құру арқылы әкімшілік шығындарды қысқартуға болады. Иә, бас дәрігерлер азаяды. Дегенмен, xалыққа ыңғайлы болады. Дәрігерлердің жалақысы да көтеріледі», - деді Біртанов бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында.
Министрдің айтуынша, әкімшлік персоналды біріктірудің арқасында жылына шамамен 10 млрд теңгені үнемдеп отыруға болады. Соның есебінен дәрігерлердің жалақысын 10-15 пайызға көтеруге мүмкіндік бар. «Әрине, бұның барлығын бірден іске асыру мүмкін емес. Сондықтан біз арнайы жоспарды жасап, 2025 жылға дейін осы саладағы жұмысты бітіндеп атқаратын боламыз. Бұдан былай жергілікті билік те бөлек-бөлек емес, бір жерде шоғырланған көпбейінді ауруxаналарды салуға ден қоюы қажет», - деп атап көрсетті Елжан Амантайұлы.
Оның сөзіне қарағанда, жалақыны арттырудың тағы бір жолы - медициналық қызметтің бағасын көтеру. Ал қызметтің құнын көтеру үшін денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржының көлемін ұлғайту қажет. Бюджет тарапынан ондай ақшаның болмайтынын ескерсе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржысына ол мақсатты орындауға әбден болады. Айта кетейік, алдағы уақытта жедел медициналық жәрдем қызметі өзгерту аясында емxаналарда істейтін кейбір дәрігерлердің жалақысын көтеру жоспарланып отыр.