"Эйр Астана": Жанармай тапшылығы туындай бастады

"Эйр Астана": Жанармай тапшылығы туындай бастады

"Эйр Астана": Жанармай тапшылығы туындай бастады
ашық дереккөзі
196
"Эйр Астана": Жанармай тапшылығы туындай бастады. Қазақстанда тұрақты әуе қатынасына Ресейден авиакеросин жеткізудің тоқтауы ықтималдығына және Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жүргізілетініне байланысты тоқтап қалу қаупі төніп тұр деп хабарлады "Эйр Астана" әуе компаниясы. Компания мәліметіне қарағанда, Қазақстан авиакеросинді негізінен ресейлік "Газпромнефть", "Роснефть", "Лукойл" және "Татнефть" компанияларынан сатып алады. Бұл компаниялардан импортталатын авиакеросин көлемі 2016 жылғы айына орташа есеппен алғандағы 44 мың тоннадан 2017 жылы айына 15 мың тоннаға дейін азайған. Әуе компаниясының мәлімдеуінше, бұл компаниялар "Ресей нарығында сұраныстың жоғары болуына байланысты" алдағы айларда авиакеросин сататынын әлі растамаған. "Эйр Астана" "Газпромнефть" бұған дейін жанармай экспорты 2018 жылдың мамыр айынан ерте қайта жалғастырмайтынын ескерткенін айтады. 2017 жылы азаматтық авиацияның авиакеросинге сұранысы 800 мың тонна болған, оның тек 241 мың тоннасын Шымкент мұнай өңдеу зауыты қамтамасыз еткен. Бұған дейін Қазақстандағы авиакеросинді тұрақты шығаратын жалғыз зауыт - Шымкент мұнай өңдеу зауыты жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты алдағы бірнеше айда жұмысын тоқтататыны хабарланған. "Эйр Астана" мәлімдемесінде Қазақстандағы азаматтық авиация субъектілері тұтынатын авиакеросиннің 70 пайызы Ресейден импортталатыны және оның жеткізілуі тұрақты емесі айтылған. "Ресейлік өнім өндірушілердің саясаты қалдық өнімді сату принципіне негізделген" делінген мәлімдемеде. Авиакеросин экспорттайтын өзге Түркіменстан, Әзербайжан, Беларусь сияқты елдердің де ішкі нарығында тапшылық байқалған.

Серіктес жаңалықтары