Келіншегін қатты жақсы көретін жігіт ұлына Ақтау қаласының атын қойды

Келіншегін қатты жақсы көретін жігіт ұлына Ақтау қаласының атын қойды

Келіншегін қатты жақсы көретін жігіт ұлына Ақтау қаласының атын қойды
ашық дереккөзі
362

Алматының 27 жастағы  тұрғыны Тимур ұлына Ақтау деген ат қойды. Бұл туралы tumba.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Тимурдың сүйіктісі әрі жұбайы Әмина Ақтау қаласында туып өскен. Әминаның барлық ата-бабалары сол жақтың тумасы екен. Бүгінде Алматыда тұрып жатқан олар тұңғыш ұлдарына Ақтау қаласының есімін берген. Отағасының мұндай қадамға баруы әйеліне деген сүйіспеншілігінен екен. "Әминаның ата-анасы да Ақтау қаласының тұрғындары. Бүгінде олар арамызда жоқ. Бұл қала бізге өте жайлы болды. Сол себепті, ұлыма Ақтаудың атын бердім", - деп жазады Тимур. Алматылық жігіттің мұндай шешім  қабылдауына Ақтау қаласына еңбек сіңірген қайын атасының қайтыс болуы да себеп болыпты. Еске сала кетейік, бүгінде Ақтау қаласында Маңғыстау есімін алғандар да кездеседі.

Серіктес жаңалықтары