Азия ойындарының тоғызыншы күні Қазақстан 16 медаль иеленді

  Азия ойындарының тоғызыншы күні Қазақстан 16 медаль иеленді

  Азия ойындарының тоғызыншы күні Қазақстан 16 медаль иеленді
ашық дереккөзі
325
Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтіп жатқан V Азия ойындарының тоғызыншы күні Қазақстан 16 медаль иеленді, деп хабарлайды Sports.kz. Жарыстың тоғызыншы күні қазақстандық спортшылар үшін жемісті болды, жиыны 16 медаль қоржынға түсті, оның 5-уі алтын, 5-уі күміс және 6-уы қола. Ақерке Наурызбаева (кикбоксинг), Бейімбет Қанжанов, Айжан Жылқыбаева, Ажар Кеңбейіл мен Зере Бектасқызы (барлығы - самбо) алтын медаль иеленді, ал Асылбек Смайылов, Аққал Өтебек (екеуі де самбошы), Әділ Қасқабай (жүзу), Ғабит Төлепбай мен Эльмира Сыздықовалар (екеуі де күрестен) күміс алқа тақты, қола жүлдеге Динара Сәдуақасова (шахматы), Әйгерім Рахатова (кикбоксинг), Ербол Алдухан, Жадыра Пайыз (екеуі - самбо), Жігер Зәкіров пен Бақдәулет Әлментай (екеуі күрестен) ілікті. Құраманың жетістігі жалпы медаль саны бойынша еліміздің бесінші орынға көтерілуіне мүмкіндік берді. Қазір қоржында 65 медаль (20-18-27) бар. 24 қыркүйекте медаль саны бойынша алда Түрікменстан - 206 (79-58-69),  екінші орында Қытай - 61 (23-21-17), үшінші орында Иран - 89 (22-18-49).

Серіктес жаңалықтары