Полицейді бетінен тепкен бұзақы 1 млн теңге айыппұл төлейді

Полицейді бетінен тепкен бұзақы 1 млн теңге айыппұл төлейді

Полицейді бетінен тепкен бұзақы 1 млн теңге айыппұл төлейді
ашық дереккөзі
203
Полицейдің бетінен тепкен ресейлік 1 млн теңгеден аса айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Мұндай үкімді Алматыдағы Түрксіб аудандық сотының судьясы шығарды. Оқиға Алматы әуежайында болған. Іс материалдарына сәйкес, 31 жастағы Дорофеев Алексей әуежайда ішімдік ішкен. «Эйр Астана» әуе компаниясы тәртіпсіз жолаушыны рейстен түсіру туралы шешім қабылдаған. Жолаушы бұл шешімге қарсылық білдірген. Сондықтан борт серіктер жолаушыны күштеп түсіру үшін полиция шақырады. Сол уақытта Дорофеев билік өкілдеріне балағат сөз айтып, полиция қызметкерінің бетінен тепкен. Соққының салдарынан қызметкердің мұрны сынған. Сот отырысында Дорофеев өзінің кінәсін толығымен мойындады. Судья сотталушыны ҚР ҚК 378-бабының 1-бөлімімен, 380-бабының 1-бөлімімен айыпты деп тауып, 550 АЕК мөлшерінде 1 млн 247 мың теңге айыппұл салды.

Серіктес жаңалықтары