Құл-Мұхамед: Елбасы тапсырмаларының орындалуын қатаң бақылауға алуымыз керек

Құл-Мұхамед: Елбасы тапсырмаларының орындалуын қатаң бақылауға алуымыз керек

Құл-Мұхамед: Елбасы тапсырмаларының орындалуын қатаң бақылауға алуымыз керек
ашық дереккөзі
248
Құл-Мұхамед: Елбасы тапсырмаларының орындалуын қатаң бақылауға алуымыз керек. Астанада «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемелекеттік бағдаламасының іске асырылуы туралы» партиялық тыңдаулар басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Жиынға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхамед, Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаева, Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко, Мәжілісі депутаттары, Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек қатысуда.Тыңдауларға бейнебайланыс арқылы еліміздің барлық өңірі тікелей қосылған.  Отырысты ашқан Мұхтар Құл-Мұхамед Елбасының тікелей бастамасымен тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономиканың шикізаттық емес секторын дамытуда ауыз толтырып айтарлықтай  жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті. Тек соңғы 7 жылдың ішінде елімізде 500-ге жуық жаңа өнім түрлерін өндіру іс қолға алынған. Бүгінде «Нұр Отан» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында нақты көрсетілген базалық салалар мен инновацияны дамыту міндеттерін жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды жүргізуде. Соның нәтижесінде 2021 жылы елімізде түрлі-түсті металлургия экспорты 20 пайызға өседі деп күтіліп отыр. Сондай-ақ мұнай-газ саласында бәсекеге қабілеттілік артып, энергиямен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың аясы кеңеймек. «Елбасының тапсырмасымен индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 1000-нан астам жаңа кәсіпорын салынды. Оны жүзеге асыруға 5 триллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Елімізге бүкіл дүние жүзіне танымал аса ірі компаниялар келіп, миллиардтаған доллар инвестиция салды. Ең озық технологиялар әкелінді. Дәл осы жаңа кәсіпорындар мұнай бағасы үш есеге, барреліне 150 АҚШ долларынан 50 АҚШ долларға дейін төмендеген кезде ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етіп отыр. Ендеше, бұл Елбасы тапсырмаларының уақытында орындалуын қатаң бақылауға алуымыз керек. «Нұр Отан» партиясы Елбасы тапсырмалары мен барлық президенттік бағдарламалардың орындалуына партиялық бақылау жүргізуді жалғастыра береді», - деді Мұхтар Құл-Мұхамед.

Серіктес жаңалықтары