Liglass Қырғызстаннан 1 млн 147 мың долларды қайтаруды талап етті

Liglass Қырғызстаннан 1 млн 147 мың долларды қайтаруды талап етті

Liglass Қырғызстаннан 1 млн 147 мың долларды қайтаруды талап етті
ашық дереккөзі
197
Liglass Қырғызстаннан 1 млн 147 мың долларды қайтаруды талап етті. Чехияның Liglass Trading CZ компаниясы Қырғызстан үкіметімен 10 кіші ГЭС және Жоғарғы Нарын ГЭС каскадын салу туралы келісімнің шартын түсіндірді. Компания директоры Михаэл Смелик қол қойған мәлімдемеде Liglass-тың қырғыз тарапқа әлі 37 млн доллар төлемегені мен оның бірнеше себептері айтылған. Liglass қырғыз үкіметі 11 тамызға дейін 1 млн 147 мың АҚШ доллары көлемінде кепіл жарнасын қайтару керек деп есептейді. Liglass сонымен бірге қырғыз үкіметі Жоғарғы Нарын ГЭС-інің 50 пайыз акциясын өткізуді "РусГидроға" ескертпегенін айтады. Чехиялық компания форс-мажор кезде келетін зиянның алдын алу үшін қырғыз тарабы ешқандай әрекет жасамады дейді. Сонымен бірге құпия ақпараттың сақталуын қамтамасыз етпеді дейді. Мәлімдемеде «Қырғыз Республикасын қандай да бір инвестицияға қауіп төндіретін саяси тұрақсыз орта» ретінде қабылдайтыны да айтылған. 18 қыркүйекте үкімет отырысында Қырғызстанның премьер-министрі Сапар Исаков үкіметтің Liglass компаниясымен келісім шартты бұзатынын мәлімдеген. Liglass Trading CZ Қырғызстанда 10 кіші ГЭС және Жоғарғы Нарын ГЭС каскадының құрылысын салу үшін тендер ұтып алған. Артынша әлемдік БАҚ-та чехиялық компанияның банкротқа ұшырғаны туралы ақпарат шықты.  

Серіктес жаңалықтары