Келімбетов айына қанша жалақы алатынын айтты

Келімбетов айына қанша жалақы алатынын айтты

Келімбетов айына қанша жалақы алатынын айтты
ашық дереккөзі
241

Үкіметтің баспасөз орталығында «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов айына қанша табыс табатынын айтты деп хабарлайды Baq.kz.

«Біз «Астана» халықаралық қаржы орталығына жергілікті кадрларды тартқымыз келеді. Алайда халықаралық сарапшыларсыз да болмайды. Жалақыға тоқталайын. Мен елбасының қаулысымен тағайындалған «Астана» халықаралық қаржы орталығы» АҚ Басқарушы кеңесінің төрағасымын. Бұл тиісті заңдармен реттеледі. Сондықтан жалақымыз«Бәйтерек» холдингі мен «Самұрық Қазына» қорындағы ақшадан кем емес немесе төмен болуы мүмкін. Бізде осы жылы премия мен бонустар жоқ. Сондықтан менің жалақыма уайымдамасаңыздар да болады. Біздің жалақымыз орташа. Жалақының мөлшері азаматтың қызметіне байланысты. Ол айына 1 млн теңге көлемінде», - деді басшы. Еске сала кетейік, бүгін үкіметтің баспасөз орталығында «Астана» Халықаралық қаржы орталығы басқарушысы Қайрат Келімбетов «ЭКСПО-2017» көрмесінің аумағы заманауи үлгідегі технологияларды қолданатын орталыққа айналатынын айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары