Астана әкімі Әсет Исешекев алтыншы шақырылымның мәслихат сессиясында,бірінші кезең бойынша 228 ескі үйлер бұзылып, орнына 7,5 мың пәтер салынатынын атап өтті.
"Алдағы үш жыл ішінде екі миллион шаршы метрге жуық тұрғын үйді қолдануға бері жоспарланып отыр. "Нұрлы Жер" бағдарламасы аясында үй құрылысы комбинаты өз жұмысына кірісті. Ол бойынша жалпы көлемі 170 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлердің құрылысы басталды", — деді Әсет Исекешев.
Астанада сегіз айдың қорытындысы бойынша 18 мыңға жуық пәтер қолданысқа берілді. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдан 25% артық.