200
АҚШ Украинаның қорғаныс саласына 500 млн доллар бөледі
АҚШ Украинаның қорғаныс саласына 500 млн доллар бөледі
АҚШ сенаты 18 қыркүйекте қорғаныс саясаты туралы заң жобасын қолдады. Онда Украинаның қауіпсіздігі мен қорғанысы саласына 500 миллион доллар бөлу қарастырылған.
"АҚШ-тың қорғаныс бюджетінде қарастырылған ақшаға жараланған украин әскерлерін америкаға емдетуге мүмкіндік туады. Сонымен бірге бұл қаржы еліміздің әскери-теңіз және әуе күштерін нығайтуға жұмсалады", – деп жазды Украина президенті Петр Порошенко Facebook парақшасына.
Порошенконың сөздерінше, Украина әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын, суасты жағдайды бақылайтын құрылғылар мен әскери - теңіз техникаларын алады.
Бірақ Украина алдымен бұл қаржының тек жартысын ғана алады. Америка қалған ақшаны қорғаныс саласына реформа жүргізгеннен кейін береміз деп отыр.