Қазақстан миграция саясатын өзгертпек

Қазақстан миграция саясатын өзгертпек

Қазақстан миграция саясатын өзгертпек
ашық дереккөзі
246
Қазақстан билігі елде ішкі миграцияның артуы мен шетел азаматтарының көбеюіне байланысты шетел мамандарына жұмыс істеуге рұқсат беруді өзгертпекші. Бүгін Астанада үкімет отырысында Қазақстанның еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2017-2021 жылдарға арналған миграцилық саясат тұжырымдамасын таныстырды. Оған сәйкес шетелдік азаматтарға жұмыс істеуге рұқсат қағаздың мерзімі маманның кәсіби деңгейіне байланысты болады. Атап айтқанда, кәсіби біліктілігі төмен маманға бір жылға дейін рұқсат қағаз береді. Ал жоғары білікті маман елде үш жылға дейін жұмыс істеуге рұқсат алады. Министрліктің ақпараты бойынша, соңғы бес жылда Қазақстанға жұмыс істеуге 300 мың шетел азаматы келген.  

Серіктес жаңалықтары