Жұмысшылары қаза тапқан құрылыс нысанының басшысы қамалды

Жұмысшылары қаза тапқан құрылыс нысанының басшысы қамалды

Жұмысшылары қаза тапқан құрылыс нысанының басшысы қамалды
ашық дереккөзі
679

Құрылыс кезінде жұмысшылардың қаза болуына байланысты Астанадағы құрылыс нысанының басшысы қамауға алынды деп хабарлайды Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Тергеу басқармасы Алаш көшесіндегі құрылыс нысанында екі құрылысшының қаза болу фактісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 277-бабы бойынша (абайсызда екі және одан көп тұлғаның өліміне алып келген құрылыс жұмыстарының қауіпсіздік ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деп хабарлады ІІД. Полиция қызметі анықтағандай, қабырғаның құлауы жабынды плитаның үстінде құрылыс материалдарының шамадан тыс болуынан орын алған. «Жүкті арту-түсіру жұмыстарына жауапты құрылыс нысанының басшысы, 1970 жылы туған Қазақстан азаматы, Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына жеткізілді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүруде», - деп мәлім етті баспасөз қызметі. Еске сала кетейік, кеше елордада құрылыс нысанында жабынды плитаның және қабырғаның опырылып құлауы салдарынан екі адам мерт болып, үшінші жұмысшы ауруханаға жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары