292
Күнкөріс деңгейі төмен қазақстандықтардың саны артып жатыр
Күнкөріс деңгейі төмен қазақстандықтардың саны артып жатыр
Елімізде төменгі күнкөріс деңгейі 2,7 пайызға өскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу деректері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейі 2017 жылдың екінші тоқсанында 2,7 пайызға өсіп, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,1 пайызға жоғары болды. Сонымен қатар, кедейлік деңгейі мен арадағы айырмашылық қала және ауыл халқының арасында бұрынғыдай сақталып отыр", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Ведомствоның мәліметінше, 2017 жылдың екінші тоқсанында Оңтүстік Қазақстанда (4,9 пайыз) және Жамбыл (3,9 пайыз) облыстарында кедейлік деңгейі өскен. Сондай-ақ, тұтыну шығыстарының деңгейі олардың материалдық қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты екені айтылады. "Үй шаруашылықтарының шығыстары децильдік бөлу кезінде табыстар сияқты айтарлықтай саралануды көрсетеді. Сонымен, 2017 жылдың екінші тоқсанында азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстарда 10 пайыщ ең аз және 10 пайыз ең көп қамтамасыз етілген үй шаруашылықтарындағы халықтың арасындағы айырмашылық 4,2 есені, азық-түлік емес тауарларға 7,2 есені, ал ақылы қызметтерге 8,6 есені құрады", - делінген министрліктің хабарламасында.