Сочиде Атамбаев пен Путин кездесті

Сочиде Атамбаев пен Путин кездесті

Сочиде Атамбаев пен Путин кездесті
ашық дереккөзі
211
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев жұмыс сапарымен 14 қыркүйекте Сочиге барып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланған. "Екіжақты мәселелерді мүмкіндік берілген сайын талқылаған маңызды. Өткен жолы Мәскеуде кездесу кезінде біз мигранттардың жүргізу куәлігі туралы сөйлестік. Бәрі де шешіліп жатыр. Менің президенттік мерзімім аяқалғанша, көп мәселелерді шешіп кеткім келеді. Әлі желтоқсан айына дейін бірнеше кездесу өтетініне қуанамын. Біз екі елдің арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамыта беруіміз керек", - деді қырғыз президенті кездесу барысында. Владимир Путин өз кезегінде әрбір кездесу сайын екі елдің арасындағы қарым-қатынастың маңызы арта береді деді. Ол екі мемлекет арасындағы сауда айналымында ілгерілеу бар екенін де тілге тиек етті. Путиннің сөздерінше, Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа кіргелі бері өзге қатысушылармен белсенділігі артқан. "Бұл әрине оң көрсеткіш, бірақ кейбір мәселелерге де мұқият болу керек", - деп қорытындылады ол.

Серіктес жаңалықтары