Еуроодақ Украина егемендігін бұзғаны үшін Ресейге қарсы санкцияны ұзартты

Еуроодақ Украина егемендігін бұзғаны үшін Ресейге қарсы санкцияны ұзартты

Еуроодақ Украина егемендігін бұзғаны үшін Ресейге қарсы санкцияны ұзартты
ашық дереккөзі
201
Еуроодақ Украина егемендігін бұзғаны үшін Ресейге қарсы санкцияны ұзартты. Еуропалық одақ Украина егемендігіне "қол сұғуына" себепкер деген тұлғалар мен ұйымдарға қарсы санкцияларды ұзартты. Шектеу мерзімі тағы алты айға – 2018 жылдың 15 наурызына дейін жалғасады. Жаңартылған санкция тізіміне 149 жеке тұлға мен 38 заңды тұлға енген. Олардың ішінде ресейлік саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, сонымен бірге өздерін өздері жариялаған Донецк мен Луганск халықтық республика лидерлері мен сепаратистер өкілдері бар. Ресейдің АҚШ-тағы жаңа елшісі Анатолий Антонов да санкция тізімінде. Сонымен бірге дүниеден өткен төрт адамды тізімнен шығарған. Еуроодақ Ресейге қарсы 2014 жылы Қырымды аннексиялағаннан кейін шектеулер қойды. Мәскеу болса, бұл айыптаулардың бәрін жоққа шығарады.

Серіктес жаңалықтары