215
Теміржол көпірінде селфи жасамақ болған бала көз жұмды
Теміржол көпірінде селфи жасамақ болған бала көз жұмды
Ресейдің Туль облысында 11 жасар бала теміржол көпірінен селфи жасамақ болғанда, құлап кетіп мерт болды, деп хабарлайды РИА Новости.
Туль облысында 11 жасар оқушы теміржол көпіріне шығып селфи жасамақ болған кезде, оны ток соққан. Содан бала биіктен құлап түскен.
«Оқушының өлі денесі 14 қыркүйек күні Туль облысы Щекинск ауданынан табылды. Тергеу барысында баланың токтың соғуы салдарынан құлап түскендігі анықталды. Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды» деп жазады агенттік жергілікті құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.