Рохинджалар тұратын 176 ауыл қаңырап қалды

Рохинджалар тұратын 176 ауыл қаңырап қалды

Рохинджалар тұратын 176 ауыл қаңырап қалды
ашық дереккөзі
383
Мьянмадағы қақтығыстардың кесірінен басым бөлігі рохинджалар тұратын 176 ауыл қаңырап қалды. Тағы 34 елді мекенде халықтың қарасы сиреді. Бұл туралы ел президентінің өкілі хабарлады, деп жазады 24.kz. Ракхайн штатындағы 471 ауылда рохинджа халқы қоныстанған. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтеріне қарағанда, Мьянмадағы ахуал ушыққалы бері бұл елден Бангладешке 370 мыңдай адам үдере көшкен. Осыдан соң олар «Мьянма үкіметін рохинджа халқына қарсы этникалық тазалау жүргізіп жатыр» деп айыптады. Ал ресми Дакка екі елдің орта тұсынан босқындарға арнап қауіпсіз аймақ құру бастамасын көтерді. Айтуынша, онсыз да халық тығыз орналасқан Бангладеш осыншама босқынды қабылдауға қауқарсыз. Сондықтан Мьянма билігі рохинджа халқын қайта қабылдауы тиіс.

Серіктес жаңалықтары