Елордада қылмыс деңгейі төмендеді

Елордада қылмыс деңгейі төмендеді

Елордада қылмыс деңгейі төмендеді
ашық дереккөзі
254
2017 жылдың тамыз айындағы жедел қызмет шараларының қорытындысы көрсеткендей, елордалық полицейлердің күшімен, жергілікті органдардың қолдауымен қалада тұрақты жағдай қамтамасыз етілді. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.  Қылмыс деңгейі қалада 10 мың адамға шаққанда 28,7%-ға төмендеді. Ведомство мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың басынан 23 595 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, 2016 жылмен салыстырғанда бұл 18%-ға төмен. Айта кеткен жөн, Елбасының тапсырмасын іске асыру аясында құқықбұзушылықтарға қоғамда «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасуда. Астана қаласының ІІД xабарлағандай, жыл басынан 75 513 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, олардың 3 296 фактісі ұсақ бұзушылық, 4 967 – тыныштықты бұзу, 13 879 – алкогольді ішімдіктерді ішу және қоғамдық жерлерде мас күйде жүру, 12 243 – белгіленбеген жерлерде темекі шегу, 17 226 – абаттандыру ережелерін бұзу, 1 331 – қоғамдық жерлерде адамдардың мазасын алу. 199 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары