Елбасы бетін бүркемелеген қыз-келіншектерге қатаң ескерту жасады

Елбасы бетін бүркемелеген қыз-келіншектерге қатаң ескерту жасады

Елбасы бетін бүркемелеген қыз-келіншектерге қатаң ескерту жасады
ашық дереккөзі
321

Ақордада журналистермен кездескен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жастарды түрлі діни ағымдардың жетегінде кетуден сақ болуға шақырды деп хабарлайды Baq.kz.

«Дүниеде неше түрлі діни ағымдар бар. Сирияда қақтығыстар болып жатыр. Олар әр жерден жастарды шақырды. Ақша төлеп, соғысқа бейімдеді. «Елдеріңе қайтып, лаңкестік жасаңдар» деп үйретіп жатыр. Бізден де барып жатқан адамдарды білемін. Ол жастар бұл жерде өз орнын таба алмаған, не жұмысқа орналаспаған, не білім алмаған. Ақша төлейміз дегенге алданып қалады да ол жаққа жанұясын да апарады. Сосын кете алмайды», - деді президент.

Сонымен қатар мемлекет басшысы қазіргі таңда отандастарымыз соғысып жүрген жақтағы жағдайдың өте ауыр екенін айтты. «Қазір ол жақта барлығын бомбалап жатыр. Елді-мекендерде елуін, қырқын өлтірдік деп хабарлап жатыр. Олардың ішінде біздің де балалар бар. Ондай жолға түспесе деймін. Біздің жастар үшін ол жақта ешқандай болашақ жоқ», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан президенті осы кездесуде шолақ шалбар мен қара киімнің қазаққа жат екенін де айтты. «Бұрын да айтқанмын, қазір де айтайын. Қазақтың қыздары, жалпы әйел азаматтары еш уақытта бетін бүркемеген. Қыздарымыз бұрымын жіберіп, шолпысын сыңғырлатып жүретін. Біздің аналарымыз батыр болған. Ерлерінің жанында жүріп соғысқан. Сонша ғасырлық тарихымызға, дәстүрімізге қарамай бүгін басқаша жолға түсеміз бе? Шалдардың шолтитып шалбар кигенін қайдан көрдіңіздер? Сақалын беліне түсіріп жүру, мұсылмандықтың белгісі емес қой. Ол Құранның қай жерінде жазылыпты? Мұнда тұрған қандай ерекшелік бар? Оған кім қызығады? Ол біздікі емес. Ол салтымызды бұзады. Мен бұл туралы бір рет айттым. Мен айтқанын орындататын адаммын. Сондықтан жастарға осылардан аулақ болыңдар деймін», - деп түйіндеді сөзін елбасы.

Серіктес жаңалықтары