Нұрсұлтан Назарбаев: Телефонымның нөмірін берейін бе?

Нұрсұлтан Назарбаев: Телефонымның нөмірін берейін бе?

Нұрсұлтан Назарбаев: Телефонымның нөмірін берейін бе?
ашық дереккөзі

Нұрсұлтан Назарбаев тілшілермен болған баспасөз-конференциясы кезінде, смартфондарға қатты қызықпайтынын, алайда интернетті қолданып, хабарламалар алып тұратынын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстан президенті баспасөз-конференциясы кезінде президенттің смартфондарға қалай қарайтынын сұраған отандық телеарнаның тілшісіне күтпеген жауап берді.
"Менің оған қарап отыратын уақытым жоқ", — деп жауап берген президент жиналғандарды күлдірді. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің қызметіне орай телефонмен қолдану қажет екенін айта кетті. "Әрине, көремін, жұмыс жасаймын. Хабарламалар аламын. Телефон номерін берейін бе?", — деп қалжыңдап жауап берді Нұрсұлтан Назарбаев. Президент қолында барлық ақпарат болғанымен, кей кезде  интернетті қарайтынын да айта кетті.