Қырғыз-өзбек шекарасынан бір тәулікте 5 мың адам өткен

Қырғыз-өзбек шекарасынан бір тәулікте 5 мың адам өткен

Қырғыз-өзбек шекарасынан бір тәулікте 5 мың адам өткен
ашық дереккөзі
300
Қырғыз-өзбек шекарасынан бір тәулікте 5 мың адам өткен. Қырғыз-өзбек шекарасының "Достық" өткізу бекетінен бір тәулікте, 12 қыркүйекте бес мың адам өткен. Сонымен бірге 300 көлік тіркелген. Бұл мәліметті БҰҰ-ның есірткі және қылмыс басқармасының халықаралық үйлестірушісі Юсуф Курбонов келтірді. Оның сөздерінше, 13 қыркүйекте БҰҰ бастамасымен "Достық" шекарасында екі елдің құқық қорғау органдары қызметкерлері кездесіп, қылмысқа қарсы бірлесіп күресу мәселелерін талқылаған. Сонымен бірге бірлескен арнайы кеңсе ашылған. Дәл осындай бірлескен кеңсе қазақ-қырғыз шекарасында да таяу уақытта ашылмақ. Бүгінде қырғыз-өзбек қарым-қатынасы жақсарғаннан кейін, шекарадағы жағдай да жақсарған. 2005 жылы наурыз айында болған Өзбекстандағы Әндіжан оқиғасынан кейін азаматтардың шекарадан өтуі қиындаған. 2010 жылы Қырғызстандағы маусым оқиғасынан кейін қырғызстандықтар Өзбекстанға тек шақырту арқылы баратын болған.  

Серіктес жаңалықтары