Қазақ күресі тұңғыш рет Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді

Қазақ күресі тұңғыш рет Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді

Қазақ күресі тұңғыш рет Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді
ашық дереккөзі
413
Қазақ күресі тұңғыш рет Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді. Балуандарымыз тұңғыш рет қазақ күресінен жабық Азия ойындарында өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Түркменстанның астанасы Ашхабадта 17-27 қыркүйек аралығында өтетін V жабық Азия ойындарында қазақ күресінен үш салмақ дәрежесінде балуандарымыз ел намысын қорғайды. Олар: Қасымхан Түленбаев (70 кг), Әділжан Ыстыбаев (90 келі) және Айбек Нұғымаров (+90 кг). Осы орайда айта кетейік, төл күресімізді осы жарысқа қосу мәселесі өткен жылы Түркияның Ыстанбұл қаласында күрес түрлері жөнінде өткен форумда шешілген болатын. Ал биыл Бүкіләлемдік күрес одағының (United World Wrestling) президенті Ненад Лалович пен Азия Олимпиада кеңесінің президенті Шейх Ахмед әл-Фахад әл-Ахмет әл-Сабах ұлттық күресімізді 2017 жылғы Азия ойындарының бағдарламасына енгізу келісіміне қол қойды.  

Серіктес жаңалықтары