Sunday Post басылымы BBC-мен бірлесіп тергеу жүргізді. Нәтижесінде Шотландиядағы Ланарк қаласында орналасқан бұрынғы балалар үйі ғимаратының астында жүздеген баланың бірге жерленгені белгілі болған деп хабарлайды reactor.inform.kz.
Smyllum Park Orphanage балалар үйіндегі 400-ден аса бала Сэнт-Мэри бейітінде бір қабірде жерленген. 1864 жылы ашылып, 1981 жылы жабылып қалған балалар үйі мыңдаған балаға пана болды. 2004 жылы бұл мекемеде балаларды асқан қатыгездікпен ұстағаны туралы ресми хабарланған болатын. «Жазылмаған қабірлерде осыншалықты көп бала жерленгенін білгенде жүрегіміз қарс айырылды. Осынша жыл үндемей келдік, енді бұл жерде шын мәнінде не болғанын айтуымыз керек», - деді Шотландияның бұрынғы бірінші министрі Джек Макконел.Балалар үйі болған ғимараттың астына 400-ден аса бала көмілген

Балалар үйі болған ғимараттың астына 400-ден аса бала көмілген