Алматыда тоңазытқыштан екі баланың денесі табылды

Алматыда тоңазытқыштан екі баланың денесі табылды

Алматыда тоңазытқыштан екі баланың денесі табылды
ашық дереккөзі
Алматыдағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі баланың денесі табылды деп жазады Tengrinews.kz. Тілшілерге бұл туралы сол үйге көрші тұратын тұрғындар айтып берген.
Олардың сөзінше, сәбилердің өлі денесі тоғазытқыш ішінен табылған. Белгілі болғандай, оқиғадан аз уақыт бұрын бұл пәтерді үш баласы бар әйел жлға алып тұрған екен. Балаларының үлкені шамамен 4 жаста, ортаншысы 1,5-да, ал ең кішісі әлі жасына толмаған. Күні кеше көршілері пәтерден шыққан жағымсыз иісті сезіп, дереу полиция шақырыпты. Есікті бұзып кірген тәртіп сақшылары кішкентай екі баланың мәйітін тапқан. Ал, әйел мен үлкен ұлдың қайда екені белгісіз. Қалалық ішкі істер департаменті бұл жайтты растап отыр. Оқиға Түркісіб ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алған. Қазір полицейлер сәбилердің анасын іздестіріп жатыр. "Кісі өлтіру" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.