Алматы мен Астана аралығын 45 минутта жүріп өтетін пойыз шығарылады

Алматы мен Астана аралығын 45 минутта жүріп өтетін пойыз шығарылады

Алматы мен Астана аралығын 45 минутта жүріп өтетін пойыз шығарылады
ашық дереккөзі
317
Алматы мен Астана аралығын 45 минутта жүріп өтетін пойыз шығарылады. Көрменің алғашқы күндері ткөрермендер саны 20-30 мыңның шамасында болса, ақырғы тәуліктерде бұл көрсеткіш бес есеге дейін көбейіп, жүз мыңнан асып жығылды. ЭКСПО-ның жабылу салтанаты кешен аумағындағы амфитеатрда ұйымдастырылды. Онда алдымен DJ Timofei мен Нұрберген Махамбетов сынды эстрада әншілері, «Americano», «Holliwood» қатарлы топтар меймандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, концерт қойды. Содан кейін сахнадағы алып экрандардан ЭКСПО көрмелерінің тарихы көрсетілді. Онда адамзат баласының жеткен жетістіктері, атап айтқанда автокөліктен бастап, қолымыздағы смартфондарға дейінгі үздік технологиялардың тарихынан сыр шертілді. Ұйымдастырушылар жас ұрпақтың буыны ретінде баланы соңғы технологиялармен безендірілген сахнаға шығарып, жас буынның көзімен келешектен хабар береді. Көркем қойылымда күн және жел күшімен бірге, су астындағы балдырлардан да энергия өндірудің технологиясы айшықталған. Сондай-ақ, ХХІ ғасырдың креативті жобасы – болашақтың вакумды пойызының жобасы таныстырылды. Сағатына 1300 шақырымға жүретін келешектің көлігінің жобасының авторы – атақты америкалық өнертапқыш Илон Маск. Пойыздың сынағы АҚШ-та өткізілген. Қазіргі уақытта оны іске асыру жобасы қолға алынуда. Бұл пойыз келешекте Алматы мен Астана аралығын 45 минутта жүріп өтеді. Шарада сондай-ақ, әр адамның қадамынан, өсімдіктерден өндірілетін энергияның жобалары таныстырылды. Ұйымдастырушылар қойылым арқылы қарапайым гүлдің смартфонды қуаттай алатынын көрсеткен. Демек, қоршаған орта энергияның көзіне айналады. Терезедегі гүл үйдің көркіне айналып қана қоймай, шаңыраққа жарық бере алады. Экологиялық таза энергиялар қоршаған орта арқылы арнайы қоймаға жиналып, халыққа қызмет етпек.

Серіктес жаңалықтары