Ердоған күллі мұсылмандарды рохинджа халқына араша түсуге шақырды

Ердоған күллі мұсылмандарды рохинджа халқына араша түсуге шақырды

Ердоған күллі мұсылмандарды рохинджа халқына араша түсуге шақырды
ашық дереккөзі
Бүгін Астанада өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ұйымның ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінде Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған баршы мұсылман мемлекеттерін Мьянмадағы “адамзат драмасын” шешуге шақырды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
“Мьянмадағы бауырларымыз қиын жағдайға тап болып отыр. Олар өз үйлерін тастап қашуға мәжбүр болды. Біз осы бір әділетсіздікті бірге тоқтатуымыз қажет. Бангладеш пен Мьянма үкіметтерімен келісе отырып, ол жердегі “адамзат драмасын” реттеуге көмектесуіміз керек. Себебі, Бангладешке қашып барған мұсылмандар да көмекке зәру. Біз оларға көмектесуге дайын екенімізді жеткіздік. Енді, барлық мұсылман мемлекеттері бірігіп, ол жақтағы бауырларымызға қол ұшын созайық”, – деді Ердоған. Мұнымен қатар, Түркия басшысы мұсылмандар арасындағы сауатсыздық жою мәселесін де көтерді. Себебі бүгінде әлем бойынша мұсылмандардың жартысы бөтен ағымның жетегінде жүр.  Ислам ынтымақтастығы ұйымы – 1969 жылы 25 қыркүйекте мұсылман мемлекеттері басшыларының   Рабатта өткен конференциясында негізі қаланған ең ірі және ықпалды үкіметтік әрі халықаралық мұсылман ұйымы. Қазіргі уақытта ол жалпы саны шамамен 1,5 миллиард адамды қамтитын 57 елдің басын біріктіріп отыр.