454
Оралда АИ-92 маркалы жанармай бағасы қымбаттап кетті
Оралда АИ-92 маркалы жанармай бағасы қымбаттап кетті

Орал қаласындағы жанар-жағармай құю стансаларында АИ-92 маркалы бензиннің бағасы шамамен 3 теңгеге қымбаттап кетті, деп жазады «Мой ГОРОД» порталы.
10 қыркүйекте оралдық жанармай құю стансалары АИ-92 маркалы бензин бағасын көтерді. Айталық, бұрын «ҚазМұнайГаз» жанармай бекеттерінде АИ-92 маркасы 140 теңгеден сатылса, қазір 144 теңгеден сатылуда. Кейбір жерлерде бұған дейін АИ-92 «Премиум» 137 теңгеден, ал «Нормал» - 133 теңгеден сатылған жанармай бағасы сәйкесінше шамамен 3 теңгеге қымбат бағада саудалануда.