Франциялық журналистер ОҚО-ға келді

Франциялық журналистер ОҚО-ға келді

Франциялық журналистер ОҚО-ға келді
ашық дереккөзі
245
Франциялық журналистер уран өндіруші кәсіпорындармен танысу үшін ОҚО-ға келді.  Франциялық журналистер Созақ жерін аралап жүр. Шетелдік тілшілер Созақтағы кәсіпорындардың, соның ішінде қазақ-француз бірлескен компанияның жұмысымен танысып, олардың әлеуметтік салаға көрсетіп отырған қолдауын кең ауқымда насихаттамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. Франциялық  журналистер алдымен «Катко БК» ЖШС бірлескен қазақ-француз кәсіпорнында болды. 1996 жылы құрылған кәсіпорын бүгінде Созақ ауданындағы Мойынқұм, Төртқұдық уран кен орнын барлаумен және өңдеумен  айналысады.  Атом өнеркәсібінде өзіндік орнын алған кәсіпорын жергілікті халыққа әлеуметтік көмек те көрсетіп келеді. Бұл  компания  осы уақытқа дейін Созақ ауданына жалпы сомасы 1 млрд 89 млн теңгеге мектеп, балабақшалар салып берді.  Мекемеде 1289 қызметкер жұмыс істесе, оның 52 пайызы жергілікті тұрғындар. «Катко» Қазақстан-француз бiрлескен кәсiпорны» әлем бойынша уран өндіруден 1-орында келеді. Біз Созақ ауданы әкімдігімен және ауыл әкімдерімен бизнестің әлеуметтік бағдарламасы аясында тығыз байланыста жұмыс жасаймыз. Соңғы 5 жылдың ішінде жастарды Францияға оқуға жіберіп жатырмыз.  Жастарға көп сенім артудамыз», - дейді серіктестіктің бас директоры Жерар Фриес. Француздық тілшілер тағы бірнеше өндіріс орнын аралап, Созақ ауданының бүгінгі тыныс тіршілігімен танысты. Ауыл тұрғындарымен сөйлесіп, аудан басшыларымен жүздесті. Шағын кәсіпорындарға бас сұғып, ондағы дайын өнімдерді көріп шықты. «Мен Қазақстанға алғаш рет келіп тұрмын. Мұндағы халықтың қонақжайлылығы, тартымдылығы өте қатты ұнады.  Мұнда бізге уранның қалай өндірілетінін көрсетті. Алдағы уақытта Созақ ауданындағы кәсіпорындар туралы өз газеттерімізде жариялаймыз»,-дейді  «La Provence» газетінің тілшісі Мелоди Тести. Өз кезегінде шетелдік тілшілермен кездескен аудан әкімі Салыхан Полатов жергілікті билік пен халықаралық компания тарапынан екіжақты келісім негізінде атқарылған жұмыстар жайын баян етті. «Катко» компаниясының басшылығы  әлеуметтік салаға әлі де болса, көмек қолын созатынын жеткізді.  

Серіктес жаңалықтары