Тәжікстан билігі SMS арқылы азаматтарды ұлттық киім киюге шақырды

Тәжікстан билігі SMS арқылы азаматтарды ұлттық киім киюге шақырды

Тәжікстан билігі SMS арқылы азаматтарды ұлттық киім киюге шақырды
ашық дереккөзі
Тәжікстан билігі SMS арқылы азаматтарды ұлттық киім киюге шақырды. Тәжікстанда мобильді операторлар абоненттері 6 қыркүйекте таңертең ерекше SMS-хабарлама алды. Онда тұрғындарды тек қана ұлттық киім киюге шақырған. "Ұлттық киім кию міндетті!", "Ұлттық киімді құрметтеңіз", "Ұлттық киім кюді әдетке айналдырайық" - осындай SMS-хабарламалар 6 миллионнан астам адамның мобильді телефонына келген. Еске салайық, Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы 23 тамызда "Салт-дәстүрлерді реттеу туралы" заңға өзгерістер енгізіп, тұрғындарды ұлттық киім киюге міндеттеді. Бұған дейін Тәжікстан мемлекеттік органдарының қызметкерлері астана тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізген.