Атырау облысында нәрестелер өлімі артты

Атырау облысында нәрестелер өлімі артты

Атырау облысында нәрестелер өлімі артты
ашық дереккөзі
Атырау өңірінде нәрестелер өлімі артты, деп хабарлайды Астана арнасы. Жыл басынан бері 69 сәби шетінеген. Бұл былтырғы көрсеткіштен 2 жарым пайызға жоғары. Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар осылай деп отыр. Керісінше, аналар өлімі азайған. Мамандар, сәбилердің шетінеуіне нәрестелердің шала туылуы мен жүкті әйелдердің дер кезінде есепке алынбауы себеп, дейді. Аналар денсаулығының әлсіздігінен балалар шала туылатын көрінеді. Перзентханаларда білікті мамандардың тапшылығы да жағдайды күрделендіріп отырса керек. Денсаулық сақтау басқармасы нәрестелер өлімін болдырмас үшін арнайы жоспар әзірлеп жатыр. Енді медициналық мекемелердің басшылары аттестациядан өтеді. Өңірге тәжірибелі мамандар тарту қарастырылған. Қазіргі таңда мейірбикелер үй-үйді аралап, жүкті әйелдер тізімін жасап жатыр. «Күн сайын есепке алынбаған жүкті әйелдерді анықтау үшін жүргізілген шара туралы медициналық мекеме басшылары есеп береді. Осылайша, алдағы жылға туу есебін жасап, дер кезінде медициналық көмек көрсету көзделген. Және аяғы ауыр әйелдің денсаулығы мен баланың жағдайын бағалап, бақылайтын боламыз», – дейді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева.