Теңге тағы да әлсіреді

Теңге тағы да әлсіреді

Теңге тағы да әлсіреді
ашық дереккөзі
185
Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында әлсіреді,  деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 338,16 теңгеге тең болды. Еске салайық, 31 тамызда доллар бағамы 337,82 теңге болған.  Таңғы сауданың бірінші келісімі 336,90 теңгемен өтті. Максималдық құны - 338,16 болды, ал минималдық құны - 336,30 теңге. Сауданың жалпы көлемі 21,5 миллион долларға жетті. Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 337-338,5 аралығында. Астана уақытымен 11.14-те Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 52,51 доллар болды.

Серіктес жаңалықтары