Астанада түнгі клуб өртке оранды

Астанада түнгі клуб өртке оранды

Астанада түнгі клуб өртке оранды
ашық дереккөзі
Астанадағы «Жара» түнгі клубы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов осы ақпаратты растап, «4 қыркүйек күні 05.44-те Алматы ауданындағы «Жара» ойын-сауық кешенінің асханасы мен ғимарат шатырында өрт шыққанын» айтты. Оның мәліметіне қарағанда, өрт 06.10-да ауыздықталып, 06.21-де толық сөндірілген. Өрт аумағы 110 шаршы метрді құраған. Құрбандар мен жапа шеккендер жоқ. «Өртті сөндіруге Астана қаласының өрт сөндіру қызметінен жеке құрамның 40 қызметкері және 13 техника жұмылдырылған», дейді Руслан Иманқұлов. Әлеуметтік желі пайдаланушылары өрттің видеосын желіге таратқан.