Қайрат - әлем чемпионы

Қайрат - әлем чемпионы

Қайрат - әлем чемпионы
ашық дереккөзі
230
Гамбургте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қайрат Ералиев алтын медальға қол жеткізді.  56 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан боксшымыз америкалық Дюк Раганмен жұдырық түйістірді. Тартысты өткен жекпе-жек нәтижесінде төрешілер жеңісті қазақ боксшысына берді. Осы жылдың наурыз айында Германияның Галле қаласында өткен «Chemistry Cup» халықаралық бокс турнирінде Қайрат дәл осы америкалық боксшымен кездесіп, есе жіберген болатын. Бұл жолы Ералиев өзінің шеберлігін дәлелдеп, чемпион атанып отыр. Алда 75 келіде Әбілхан Аманқұл украиналық Александр Хижнякпен, ал 91 келіде Қамшыбек Қоңқабаев - әзербайжандық Магомедрасул Межидовпен әлем чемпионы атағы үшін айқасатын болады.  

Серіктес жаңалықтары