304
Бауыржан Байбек жол жөндейтін мердігерлік ұйымдарға нақты тапсырма берді
Бауыржан Байбек жол жөндейтін мердігерлік ұйымдарға нақты тапсырма берді
Бауыржан Байбек жол жөндеп жатқан мердігерлік ұйымдарға нақты тапсырмаларын берді. Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың инженерлік және көлік инфрақұрылымын қайта жасау жұмыстарын тескерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары аясында жаяу жүргіншіге басымдық беретін Қабанбай батыр, Панфилов, Жібек жолы, Гоголь көшелері мен «Астана» алаңын, сонымен қатар қаланың инженерлік және көлік инфрақұрылымын қайта жасау мен абаттандырудың барысын тескерді. Қала әкіміне Абай даңғылы бойындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде екі бағыт бойынша көлік қозғалысын ашу 25 қыркүйекке жоспарланғаны баяндалды. Қазіргі кезде мұнда көпірдің солтүстік бөлігіндегі жұмыс аяқталған. Жобада көпір астына да өтпелі жол салу қарастырылған. Бауыржан Байбек жақын орналасқан аумақты аралап шыққан соң Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына Абай даңғылының оңтүстік жағындағы «Достық» спорт кешені алдына қойылған көліктерді бір апта ішінде ретке келтіруді және жаяу жүргіншіге жайлы болу үшін тротуарларды жасыл жолақпен қамтуды тапсырды. Жалпы, биыл қалада 26 шақырым тротуар жөнделді. Жұмыс сапары аясында мегаполис башысы жүргіншіге басым беретін Қабанбай батыр, Панфилов, Жібек жолы, Гоголь көшелері мен «Астана» алаңының қайта жасау барысын тексерді. Ал жасыл желек отырғызу күзде басталады, жалпы, 330 мыңнан астам шаршы метр аумақ абаттандырылады. Алматы әкімі жылу желілерін қайта жасау жұмыстарын да тексерді және мердігерлік ұйымдарға жөндеу жұмыстары аяқталған соң аумақты талапқа сай абаттандыруды тапсырды. Жалпы, биыл Алматыда 317 шақырым су және 265 шақырым кәріз желілерін қайта жасауға және жөндеуге қаржы бөлінген. 284 шақырым жаңа су желілерін іске қосу 175 мыңнан астам тұрғыны бар 35 мың үйді орталық жүйеге қосады.