ОҚО-да 45 мектеп робототехника кабинетімен жабдықталды

ОҚО-да 45 мектеп робототехника кабинетімен жабдықталды

ОҚО-да 45 мектеп робототехника кабинетімен жабдықталды
ашық дереккөзі
Биыл Шымкентте мектептерді жөндеу жұмыстарына ата-аналардан ешқандай қаржы жиналған жоқ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахмановтың қатысуымен өткен жиында қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева осылай деді. Жанат Тәжиеваның айтуынша, бұл жұмыстарды жүргізуге ұстаздардың да қалталарына салмақ түспеген, Қаланың бас мұғалімі 125 мектеп пен 88 балабақшаны жөндеуге жергілікті бюджеттен 141 млн теңге бөлінгенін жеткізді. Қазір барлық білім мекемелері жаңа оқу жылына толық дайын. Ал,білім ұяларын қатты және сұйық отынмен қамтамасыз ету үшін қазынадан 221 млн теңге қаржы бөлінген. Қазір мамандар жылу жүйелерін тексеруден өткізіп жатыр.  Жиында қала басшысы оқушыларды тасымалдау және өртке қарсы қауіпсіздік шаралары бойынша дайындықты сұрады. «Өткен оқу жылында 11 мектептің оқушылары тасымалданып білім алса, биыл 9 білім мекемесінде балалар тасымалданып оқиды. Ол үшін қаладан 19 автобус бөлініп отыр», - деді қалалық білім бөлімінің басшысы. Сонымен қатар білім беру бағдарламасы аясында бөлінген қаржы есебінен 45 мектеп робототехника кабинетімен жабдықталыпты. Тағы 19 білім ошағында жаңа құралдар орнатуға 114 млн теңге қаржы көзделген.