364
Астанада қымбат көлікке жалған құжат жасайтындар жүр
Астанада қымбат көлікке жалған құжат жасайтындар жүр
Астанада қымбат көлікке жалған құжат жасайтындар жүр. Астанада қымбат көліктің иелері алаяқтардың құрбанына айналды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ІІД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана қаласы ІІД тергеу басқармасы қымбат көліктерге жасалған алаяқтық деректер бойынша бірқатар қылмыстық істерге тексеру жүргізді. Күдіктілер көлікті жалға алу келісімдерін жасап, артынша жалған құжат жасау жолымен оны үшінші тұлғаларға заңдастырған. «Аталған қылмыстар бойынша 22 жастағы Рауан Найзабай күдікке ілініп отыр. Егер сіз аталған тұлғаның алаяқтық істерінің құрбаны болсаңыз, (87172) 71-62-27, 71-63-63, 8-777-022-27-07 байланыс телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз», - делінген полиция хабарламасында.