Бигелді Ғабдуллин "журналистикадан кететінін" мәлімдеді

Бигелді Ғабдуллин "журналистикадан кететінін" мәлімдеді

Бигелді Ғабдуллин "журналистикадан кететінін" мәлімдеді
ашық дереккөзі
251
Central Asia Monitor газеті бас редакторының міндетін атқарушы Бигелді Ғабдуллин "журналистикадан кететінін" мәлімдеді. Ғабдуллин газетінде жарияланған мәлімдемеде өзінің "журналистика стандарттарын бұзуы баспа газет шығару ісімен айналысуына рұқсат етпейтінін" айтады. Ол бар жағдайды таразыға салғанын және бұл шешімінің артында "ешқандай саяси күштердің " айтады. 63 жастағы Бигелді Ғабдуллин биыл қаңтарда "өзінің медиа ресурстарына лауазымды тұлғалардан мемлекеттік тапсырыстарды бопсалады" деп айыпталып, бес жыл шартты мерзімге сотталған. Ғабдуллин "президент Назарбаев пен оның қазақстандықтар өмірін жақсарту үшін жүргізіп жатқан саясатын" берік қолдаушы болғанын және солай қала беретінін де мәлімдеді. Бигелді Ғабдуллин 2016 жылдың қарашасынан 2017 жылдың қаңтарына дейін қамауда болған. Тергеу Ғабдуллин өзіне қарасты БАҚ-ты пайдаланып, мемлекеттік органдардың басшыларына олардың "іскерлік беделіне нұқсан келтіретін материалдар жариялау жолымен" ақпараттық шабуыл жасаған, кейін ол лауазымды тұлғалардан "сыни жарияланымдарды тоқтату үшін өз ақпарат құралдарына мемлекеттік тапсырыстар беруді бопсалаған" дейді. Бигелді Ғабдуллин сотта өзіне тағылған айыптарды мойындап, "мемлекеттік тапсырыс алу үшін бопсалау" жолымен алған қаржысын қайтарып, бас бостандығын шектейтін жаза алған. Бигелді Ғабдуллин 1990 жылдардың ортасында оппозициялық "XXI ғасыр" басылымының бас редакторы болған. Ол 2001 жылы қуғындалып, Қазақстаннан АҚШ-қа кетіп, ол жақтан саяси баспана алған. Ғабдуллин 2004 жылы саяси эмиграциядан оралып, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан кешірім сұраған. Қазақстанға оралған соң ол Central Asia Monitor газетін ашып, Radiotochka.kz сайтын құрған. Radiotochka.kz сайты биыл сәуірде "қаржылық мәселелерге байланысты жұмысын тоқтататыны" хабарланған.

Серіктес жаңалықтары