HRW Қырғызстандағы БАҚ жағдайының нашарлағанына алаңдайды

HRW Қырғызстандағы БАҚ жағдайының нашарлағанына алаңдайды

HRW Қырғызстандағы БАҚ жағдайының нашарлағанына алаңдайды
ашық дереккөзі
339
Human Rights Watch халықаралық ұйымы Қырғызстандағы БАҚ жағдайының нашарлап кеткеніне алаңдайды. Бұл жөнінде Human Rights Watch ұйымының Орталық Азия бойынша маманы Мира Риттманн (Mihra Rittmann) мәлімдеді. Ол сұхбатында сот шешімімен "Сентябрь" телеканалының жабылуы мен БАҚ-қа қарсы миллиондаған айыппұл салынуына байланысты түсініктеме берді. - Менің түсінгенім, "Сентябрь" телеканалының ісін сотта қараған кезде, бірқатар заң бұзушылық орын алған. Қырғызстан әсіресе президент сайлауы алдында сөз бостандығын қорғау керек. Егер Қырғызстан билігі құқықтардың орындалуына кепілдік беретін болса, азаматтардың еркін пікір білдіруін сыйлау керек. Сол кезде сот арқылы қуғындау емес, қорғау болады,- деді Мира Риттманн. Бішкектің Бірінші май аудандық соты 22 тамызда "Сентябрь" телеканалының хабар тарату қызметін және интернет хабарларын тоқтату туралы шешім шығарды. Себебі Ош облыстық ішкі істер басқармасының бұрынғы басшысы Әбділда Қапаровтың тікелей эфирдегі сұхбатын "экстремистік пиғылдағы хабар" деп таныған. Өткен аптада 17 тамызда Бішкек қалалық соты Zanoza.kg сайтына қатысты аудандық соттың шешімін күшінде қалдырды. Бішкектің Октябрь аудандық соты Zanoza.kg сайтына прокуратураның арызын қанағаттандырып, 24 миллион сом айыппұл салды.  

Серіктес жаңалықтары