Тиллерсон: АҚШ Кабулдың тәлібтермен келіссөзіне қолдау көрсетеді

Тиллерсон: АҚШ Кабулдың тәлібтермен келіссөзіне қолдау көрсетеді

Тиллерсон: АҚШ Кабулдың тәлібтермен келіссөзіне қолдау көрсетеді
ашық дереккөзі
221
Тиллерсон: АҚШ Кабулдың тәлібтермен келіссөзіне қолдау көрсетеді. АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Құрама Штаттар қандай да бір алдын ала шартсыз Ауғанстан билігі мен тәлібтер арасындағы бейбіт келіссөздің жүруіне қолдау білдіреді деп мәлімдеді. Бұл жөнінде мемлекеттік департаменттің ресми сайтында жарияланған. Бұл мәлімдеме АҚШ президенті Дональд Трамптың Ауғанстанға қатысты жаңа стратегиясын айқындағаннан кейін жарияланды. Мемлекеттік хатшы Құрама Штаттар аймақта соғыстың тоқтатуына Пәкістан мен Үндістан дипломатиясы мен халықаралық қауымдастық көмектеседі деп үміттенетінін атап өтті. Тиллерсон мәлімдемесінде тәлібтерді жеңу мүмкін еместігін, бірақ саяси мәмілеге келуге болатынын айтқан. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани өз еліне қатысты жаңа стратегиясын жариялағаны үшін президент Трампқа алғысын жеткізді. Ғани бұл елде әскери және құқық қорғау құрылымдарының нығаюына себеп болады деп үміттенеді. Ал тәліб өкілдері болса, "АҚШ Ауғанстаннан әскерін алып кету керек, болмаған жағдайда, "жихад" жалғаса береді" деп отыр. 21 тамызда Трамп Ақ үйдің Ауғанстанға қатысты жаңа стратегиясын жариялады. Құжатқа сәйкес америка әскері ауған аумағында қала береді. Бұдан бөлек қосымша төрт мың әскер жібереді. Трамп стратегиясын НАТО қолдады.  

Серіктес жаңалықтары