Түркіменстанда Азия ойындары қарсаңында иесіз жануарларға арналған пана ашылды

Түркіменстанда Азия ойындары қарсаңында иесіз жануарларға арналған пана ашылды

Түркіменстанда Азия ойындары қарсаңында иесіз жануарларға арналған пана ашылды
ашық дереккөзі
Түркіменстанда Азия ойындары қарсаңында иесіз ит пен мысық паналайтын ресми орын ашылды. Онда жануарларды бағатын қала шетіндегі тұрғындар мемлекеттен көмек алады деп жазады "Бейтарап Түркіменстан" басылымы. Үкімет пана үйін салатын жер бөлетін болады. Дәл қазіргі уақытта иесіз 100 ит пен 50 мысық бар екен. Ашхабадта белсенділер билік иесіз жануарлардың көздерін жойып жатыр деген сынынан кейін, ресми пана үйі ашылды. Түркіменстан қыркүйекте болатын Азия ойындары қарсаңында алкогольді ішімдіктерді сатуға тыйым салды. Астананы қайыршылардан тазартты. Спорт сарайларына жергілікті тұрғындардың баруына әзірге тыйым салды.