Атырауда шетелдіктер неліктен жұмыстан босатылды?

Атырауда шетелдіктер неліктен жұмыстан босатылды?

Атырауда шетелдіктер неліктен жұмыстан босатылды?
ашық дереккөзі
308
Атырауда шетелдіктер жұмыстан босатылды. Өйткені олар мамандығы бойынша дипломы сәйкес келмегендіктен жұмыстарынан босатылып отыр. «Инспекторлар бұл фактіні Кью И Ди және Уорли Парсонс компаниясында анықтады. Төрт шетелдік дипломына сәйкес келмейтін жұмыспен айналысқан. Тағы бір жағдайда, шетел азаматы рұқсаты жоқ бола тұра бас директордың лауазымын атқарған. Оларға ӘҚтК бұзғаны үшін 4,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды», - деп хабарлады ӨКҚ брифингінде облыстың мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров. Оның айтуынша, басқа компанияларда да қосымша тексеру жүріп жатыр. Тексеру барысында жұмысқа алған кезде заң бұзғаны үшін Қазақстаннан кететін тағы алты шетелдік анықталды.  

Серіктес жаңалықтары