Тоқтағұл су қоймасы арнасынан асқалы тұр

Тоқтағұл су қоймасы арнасынан асқалы тұр

Тоқтағұл су қоймасы арнасынан асқалы тұр
ашық дереккөзі
1000
Тоқтағұл су қоймасы арнасынан асқалы тұр. Тоқтағұл су қоймасындағы судың көлемі 19,5 млрд текше метрге жетіп, арнасына лық толған. Соңғы рет мұндай жағдай 2010-2011 жылдары күз-қыс мезгілінде орын алған. Қырғызстанның "Электр станциясы" ашық акционерлік қоғамы (ААҚ) судың арнасына лық толуы жаз мезгілімен байланысты деп хабарлады. Енді күн салқындаған соң, судың көлемі одан әрі көтерілмейді дейді. "Бұл жерде ешқандай қауіптенетін себеп жоқ. Бұл қалыпты жағдай. Кейде осылай су арнасына толып отырады. Мұндай кезде су қоймасы мен ГЭС арнайы жұмыс режиміне көшеді", - деп түсіндірді кәсіпорынның бас хатшысы Тоғжан Айдаралиева. Тоқтағұл ГЭС-і 1975 жылы жұмыс істеуге берілген. Қуаты жағынан Орталық Азия бойынша екінші орында. 2017 жылдың мамыр айында үкімет ГЭС-ті модернизациялауды бастаған. Толығымен қайта жөндеу жұмысы үш кезеңнен тұрады. Жөндеу жұмыстары толық аяқталған кезде Тоқтағұл ГЭС-нің қуаты 240 МВт-қа жетіп, 35-40 жыл бойында жұмыс істеуге қабылетті болады.

Серіктес жаңалықтары