285
Ресейлік ФСБ мигранттарды "тыңшылыққа" тартып жатыр
Ресейлік ФСБ мигранттарды "тыңшылыққа" тартып жатыр
Ресейлік ФСБ мигранттарды "тыңшылыққа" тартып жатыр. Тәжік мигранттары Ресейдің Қауіпсіздік жөніндегі федералды қызметі (ФСБ) тарапынан "күдікті жерлестері" туралы ақпарат беріп отыруды талап ететін жағдайлар көбейіп кетті деп хабарлайды.
Әсіресе 14 тамызда теракті жасамақ болды деп бір топ мигрант ұсталғаннан кейін, ФСБ "тыңшылыққа" адамдарды тартуды күшейткен.
Еңбек мигранттарының бірлестігі өкілдерінің сөздерінше, Ресейдің арнайы қызметі мигранттармен негізі жатақханаларда жұмыс істейді. Бірақ соңғы уақытта мигранттарды көшелерде ұстап, арнайы қызметке жұмыс істеуге үгіт жүргізе бастаған.
Мәселен Ширинджон Каландаровты метрода азаматтық киімдегі екі адам тоқтатқан. Өздерін ФСБ өкілдеріміз деп таныстырған олар "күдікті жерлестері" туралы ақпарат беріп отыруды сұраған. Ол үшін сыйақы аласың деген. "Мен олармен жұмыс істеуден бас тартқанымда, өміріме қауіп төнетінін айтып, ойлануға бір апта берді", - дейді Ширинджон.
"Этмос" ұйымының жетекшісі Каримджон Ёров Мәскеуде ФСБ өкілдері мигранттарды елдеріне қайтарып жібереміз деп жиі қорқытатынын айтады. «Бір тәуліктің ішінде Тәжікстаннан келген 8 мигрант маған ФСБ өкілдерінің өздерін бопсалағанын айтты», - дейді Ёров.