468
Испания полициясы терроризмге күдікті бірнеше адамды өлтірді
Испания полициясы терроризмге күдікті бірнеше адамды өлтірді
Барселонадағы шабуылға қатысты арнайы операция барысында Испания полициясы бірнеше адамға оқ атты деп хабарлады Каталониядағы полиция басқармасының өкілі жұма күні таңертең.
Операция Барселонадан 100 шақырым жердегі Камбрильс курортты қаласында жүргізілген. Жергілікті телеканалдың хабарлауынша, полиция өкілдері төрт адамға оқ атып, біреуін жаралаған. Олар Барселонадағы шабуылдан кейін, бірден Камбрильсте шабуыл ұйымдастырмақ болған. Полиция қала тұрғындары мен қонақтардан көшеге шықпауын сұрады.
Испания полициясы Барселонадағы шабуыл тек жоспарланған терактілердің біреуі ғана дейді. Қазір Испанияда шабуылдаған көлік жүргізушісін ұстау үшін жаппай антитеррорлық операция жүріп жатыр.