Жарымбетов Мамайға ақша бергенін айтты

Жарымбетов Мамайға ақша бергенін айтты

Жарымбетов Мамайға ақша бергенін айтты
ашық дереккөзі
Алматыда қамаудағы журналист Жанболат Мамайдың үстінен сот процесі жалғасып жатыр. Сотта мемлекеттік айыптаушы прокурор Мамайға ресми айыптау актісін оқыды. «Саяси қалам. Трибуна» газетінің бас редакторы Жанболат Мамайға қатысты «қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру» ісі бойынша куә ретінде БТА банктің басқарма төрағасының орынбасары болған Жақсылық Жарымбетов шақырылды. Сотта сөйлеген Жарымбетов Мамайға ақша бергенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Мамаймен 2011 жылы Skype арқылы Әблязов таныстырған. Ол «елге тәуелсіз басылым керек» деген себеппен Мамайға қаржылай көмектескенін айтты. Биыл маусым айында Алматы сотында бұрынғы БТА банктің басшысы болған Мұхтар Әблязовтың ісі бойынша Жарымбетов шартты түрде сотталған. Қаңтар айында оны Түркиядан Қазақстанға экстрадициялаған. Тергеу ісі бойынша Мамайдың оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов ұрлаған ақшаны заңдастыруға қатысы бар. Мамайдың өзі Әблязовқа қатысы барын жоққа шығарады. Өзіне тағылған айыптың саяси астары бар дейді. Испания полициясы терроризмге күдікті бірнеше адамды өлтірді